Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ұлттық ұланының генерал-майоры Мұхаметқали Сатов қайтыс болды

Опубликовано:

Генерал-майор Мұхаметқали Сатов
Фото:: Видеороликтегі кадр: "Астана" арнасының сайты

2020 жылдың 18 тамызда Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов 59 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық ұланның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство сайтында жарияланған хабарламада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының әлеуметтік-құқықтық және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мұхаметқали Құсайынұлы Сатовтың өмірден өткеніне байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында өлім себебі айтылмады. Ұлттық ұланмен қатар, Әскери кеңес, Жоғары қолбасшылық, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық ұланының Ардагерлер кеңесі қайғыға ортақтасты.

Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Кеңестік әскери білімі бар, Новосибирск жоғары әскери командалық училищесінде білім алған. Сонымен қатар, ол 2013 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. Сатовтың әскери мансабы 1982 жылы басталды. Әскери бөлім командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.

1999-2001 жылдары Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшылығы бас басқармасына жоғарылады. 2000 жылдардағы мансабы Ішкі істер министрлігінде жалғасты. Сатовтың соңғы лауазымы Ұлттық ұлан басшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.

Еске салсақ, бұған дейін Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов 53 жасында өмірден өткені туралы жазған едік.

Оған қоса, медицина ғылымдарының докторы, профессор, бес монография мен жеті патенттің авторы Темірболат Сұлтанбаев қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869969-kazakstan-lttyk-lanyny-general-majory-mhametkali-satov-kajtys-boldy/

pixel