Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жыныстық сауаттылық туралы оқулық шыққаны рас па (фото)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде қазақстандық мектептерде жыныстық білім беруге арналған оқулықтардың суреті салынған жазба жарық көріп, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Автор жазылушыларды egov.kz сайты арқылы кәмелетке толмағандардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау бойынша медииналық көмек ұйымдастыру ережелеріне қарсы дауыс беруге үндейді. Бұл ретте жазба иесі "балалардың назарына ұсынылатын" жыныстық сауаттылық туралы кітаптағы суреттерді көрсеткен.

Шын мәнінде, иллюстрация 2010 жылы Ресейде басылып шыққан "Как я появился на свет" кітабынан алынған. Оның қазақстандық білім беруге еш қатысы жоқ екені белгілі болды.

Фото
Фото: Скриншот/Instagram

Бірақ бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарап, тіпті көпбалалы ана Зиуар Жұманова бұл мәселені шешуді сұрап, мемлекет басшысы мен Елбасыға хат жазған.

StopFake басылымы "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығына хабарласып, түсініктеме алды.

"Постта көрсетілген кітаптың қазақстандық оқулықтарға еш қатысы жоқ. Оның үстіне Қазақстанда мектептерде жыныстық тәрбие беру сабақтары өткізілмейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға (ҚР МЖМС), әрбір пән бойынша ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылады. Бұл құжаттарда жыныстық тәрбие беру туралы пән жоқ", - деді орталық директоры Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, жалған ақпарат таратқаны үшін елімізде қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде ата-ананың жалақысы мен несиесі туралы оқулықтағы тапсырма дау туғызған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871027-elimizde-zynystyk-sauattylyk-turaly-okulyk-sykkany-ras-pa-foto/

pixel