Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Ертең, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді.

"Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады",– деп жазды Президентінің баспасөз хатшысы.

Еске сала кету керек, Нұрлан Нығматулин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты үндеу жолдаған еді.

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Оған қоса, 27 тамыз күні мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Елбасы өкілінің жазуынша, партия көшбасшысы мен Қасым-Жомарт Тоқаев 28 тамызда өтетін саяси кеңес бюросының отырысында көтерілетін күн тәртібіндегі мәселелер туралы сөз қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871871-erte-memleket-bassysy-kazakstan-halkyna-zoldauyn-zarialajdy/

pixel