Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйдің шатырында дискотека ұйымдастырған (видео)

Опубликовано:

Алматы шатыр1
Фото: Полиция басқармасы

Алматы тұрғыны түнде үйінің төбесінде үнемі болатын шулы кештерге шағымданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мен 4.09.2020 жылы сағат 23.15 шамасында Байзақов көшесі, 170 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырындағы кештерге қатысты арыз жаздым.

"Дискотека әр апта сайын жұма немесе сенбі күндері ұйымдастырылады. Музыканың дыбысы күллі ауданға жаңғырады. Шара қолдануларыңызды сұраймын", – деп ол өзінің Facebook парақшасында Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығына жүгінді.

Полиция қызметкерлері сауалға қатысты әрекет етіп, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.

"Сізден түскен шағым бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады. Байзақов көшесі 170-үйдің шатырын тексеру барысында, тәртіп бұзғандар 434-2 бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау), 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", – деді бөлім бастығы Есен Ысқақов.

Айта кету керек, 4 қыркүйекте тағы бір қала тұрғыны осы үйдің шатырындағы дискотека, яғни музыка мен би туралы хабарлама жариялады.

Еске салсақ, Алматыда анасымен бірге көлікте болған үш бала жол апатынан зардап шекті.

Оған қоса, Алматыда автокөлік айнасын ұрлаудың кезекті оқиғасы тіркелді. Бұл жолы қаскүнемдердің құрығына танымал блогер және IT-маманы Сергей Ахметовтың темір тұлпары түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872911-almatyda-kpkabatty-jdi-satyrynda-diskoteka-jymdastyrgan-video/

pixel