RU

Ақтөбеде несие алып беремін деп тақырға отырғызған алаяқ әйел ұсталды

Алаяқ
Көрнекі фото: zanmsk.ru

Ақтөбе облысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ол тұрғынға қайтарымсыз несие алуға көмек көрсетемін деп алдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында 45 жастағы кәсіпкер Ақтөбе қалалық полиция бөліміне арыз түсірген. Оның сөзінше, осы жылдың басында бизнес-орталықтардың бірінде бейтаныс қыз оған қайтарымсыз несие алуға көмектесемін деп уәде беріп, 50 мың теңгені иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбанына айналмау үшін ерекше сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырды.

Бағалы заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға беру кезінде тексеріп, қырағылық танытқан абзал.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да екі жыл бойы іздеуде болған күдікті ақыры қолға түскен еді. Белгілі болғандай, ол ер адамға көлік пен контейнер сатып алуға ұсыныс жасап, 400 мың теңгені қолды қылған.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда өзгенің картасын тауып алып, ішіндегі ақшасын шешіп алған алаяқтың ұсталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Атырауда телефон арқылы бопсалауға ұшыраған әйелдің өз-өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872956-aktbede-nesie-aluyp-beremin-dep-takyrga-otyrgyzgan-alaak-jel-staldy.html