RU

Тыр жалаңаш доп қуалаған футболшылар жаға ұстатты (фото)

Футбол
Фото: thesun.co.uk

Германияда тыр жалаңаш доп қуалаған футболшылар әлем назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Неміс ойыншылары, осылайша кәсіби футбол ойынының коммерцияландырылуына қарсы шыққан деп жазады thesun.co.uk.

Тыр жалаңаш доп қуалаудан еш қымсынбаған футболшылар тек аяқ киім мен шұлық киіп шыққан. Ал нөмірді арқасына жаза салуды ұйғарыпты.

Футбол
Фото: thesun.co.uk

Мұндай оғаш ойынды ұйымдастыру жұмыстарын 34 жастағы суретші Геррит Старчевски өз мойнына алған көрінеді.

"Футбол жүйесі дертке шалдыққан, сол себепті біз барлығымыз тыр жалаңаштандық", - дейді ол.

Футбол
Фото: thesun.co.uk

Германияда болған бұл жайт көпшіліктің қызу талқысына түсті. Десе де ел назарына жалаңаш күйінде іліккен футболшылар ойынның қызықты өткенін алға тартуда.

Олар әуретті жері жалпақ жұртқа жария болып жатқанына айтарлықтай ыңғайсызданбайтын сыңайлы.

Футбол
Фото: thesun.co.uk

Еске салсақ, бұған дейін біз Замбияда ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасағанын жазған едік. АҚШ-тың Сан-Антонио емханасындағы дәрігерлер коронавирус жұқтырған 37 жастағы ер адамға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ер адамдардың әуретті жерінің ауыруы да коронавирустың бір белгісі болуы ғажап емес деген тоқтамға келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873173-tyr-zalaas-dop-kualagan-futbolsylar-zaga-statty-foto.html