RU

Елімізде жаңа баспана құны қаншалықты қымбаттады

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстанда жаңа баспананың орташа құны шаршы метріне 300 мың теңгеден асты. Үйді сатып алу және жалға беру нарығындағы бағалар туралы Нурфин мақаласынан оқыңыз.

Тұрғын үй

Көрнекі фото: abnews.ru

Жылжымайтын мүлік нарығындағы тұтынушыларды үш топқа бөлуге болады: жаңа баспана алғысы келетіндер, қайталама тұрғын үйді таңдаушылар және баспананы жалға алушылар. Қандай топта болсаңыз да, баспананы сатып алуға қаржыңыз болса, уақытты текке жібермегеніңіз абзал.

Себебі, Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, елімізде жаңа баспананың орташа құны ағымдағы жылдың тамызында шаршы метріне 300 385 теңгені құраған. Ал шілде нәтижелері бойынша оның құны 298 914 теңге болатын. Яғни бір ай ішінде үйдің құны жарты пайызға өскен.

2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, орташа баға 2,6 пайызға өсіп, жыл ішіндегі өсім 5,8 пайызды, ал бес жыл ішіндегі өсім 9,4 пайызды құраған.

Ал қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өсімі әлдеқайда белсенді болуда. Тамызда қайталама баспана құнының шаршы метрі орта есеппен 214 887 теңгені құраса, шілде айының қорытындысы бойынша оның құны 211 827 теңге болған. Яғни бір ай ішінде бағаның өсімі 1,4 пайызды құрап отыр. Жыл басынан бері баға 6,6 пайызға өсіп, бір жыл ішіндегі өсім 8,6 пайызды, ал бес жыл ішіндегі өсім 12,7 пайызды құраған.

теңге мен доллар 1

Тағы да оқыңыздар

Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп кеткенін түсіндірді

Жалдамалы баспана да қымбаттап жатыр. Тамызда баспананы жалға алудың шаршы метрі 1597 теңгені құраса, шілде айында оның бағасы 1583 теңге болатын. Яғни жалға алу айына 0,9%-ға өскен. Жыл басынан бері жалдамалы баспана құны 5,3 пайызға, өткен жылдың тамызынан бастап 8,6 пайызға, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап 23,9 пайызға өскен.

Өткен жылдың нәтижелері бойынша жаңа тұрғын үй бағасы 6,4 пайызға, ал қайталама тұрғын үй бағасы 6,2 пайызға қымбаттаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз баспана алу мақсатында зейнетақының бір бөлігін алу үшін 30 жастағы қазақстандықтың табысы қандай болу керектігін жазған болатынбыз.

Одан бөлек ипотекамен үй сатып алу үшін алғашқы жарнаға қанша ақша қажеттігін жазған едік.

Зейнетақы

Тағы да оқыңыздар

Зейнетақының бір бөлігін алу үшін 30 жастағы қазақстандықтың табысы қандай болу керек

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Елімізде жаңа баспана құны қаншалықты қымбаттады