RU

Дәрігер күзде салмақ тастауға көмектесетін тағам түрлерін атады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Диетология және диетотерапия мамандары күзде арықтау үшін асқабақ таптырмас өнім екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Асқабақ қыркүйекте пісе бастайтыны белгілі. Ол дәмді әрі калориясы аз екені айтылды. Бұндай үйлесім сирек кездеседі екен.

Алайда, асқабақты ғана жеумен шектелуге болмайтыны ескертілді. Себебі, ағзаға кері әсері болуы ықтимал. Салдарынан артық салмақ ешқайда кетпейді.

Асқабақта өзге де өсімдік өнімдерінде сынды органикалық қышқыл бар. Ол асқазанды тітіркендіріп, тәбетті арттырады. Сонымен қатар, тамақтану тапшылығы болуы мүмкін. Оған себеп, асқабақта жануар ақуызы жоқ. Бастысы, бұндай диетаны бірден тастап кетпеген дұрыс. Өйткені, артық салмақты тез жинап алуы әбден ықтимал.

Бұған дейін мамандар қартаймаудың құпиясын бөліскен болатын. Олар рационға көк шайды қосуға кеңес беріп отыр. Бұл тәсіл қартаю үдерісін баяулатып, ағзаны жасартатын көрінеді. Одан бөлек, қант қосылмаған шоколад жеу де пайдалы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Франциядағы Монпелье университетінің оқытушылары мен ғалымдары коронавирус инфекциясын тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе, бір шешімге келген. Олар орамжапырақтың қауіпті дертті "өлтіретін" қасиеті бар екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873908-driger-kzde-salmak-tastauga-kmektesetin-tagam-trlerin-atady.html