RU

Ағашқа тұрмысқа шыққан әйел "некесіне" бір жыл толуын атап өтті

Той
Фото: John Hegarty/Triangle News

38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Кейт Бузина ағашқа тұрмысқа шығу туралы шешімі өміріндегі ең дұрыс шешім болғанын айтуда деп жазады Mirror басылымы.

Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Осылайша, бір жыл бұрын ағашпен некесін қидырған келіншек фамилиясын "Бузина" деп ауыстырған.

"Ағаштар қашан да бірінші орында болады. Себебі, олар біздің өмірімізді сақтауда", - дейді ол.
Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Бузина өз "күйеуімен" аптасына бес рет көрісіп тұратынын алға тартты.

Өткен жылдың күзінде ресми түрде ағашқа тұрмысқа шыққан әйелдің 15 жастағы ұлы бар. Әйел ұлы анасының бұл әрекетінен ұялып жүргеніне қарамастан, ағашпен ажырасқысы келмейтінін айтуда.

Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Ол ағаштан бөлек өзге жігітпен жақын қарым-қатынаста екенін жасырмады. Кейт жігіті мен екі баласын үйінде тастап, достарымен бірге ағашпен некесіне бір жыл толуын тойлатуға кетіп қалған.

Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Кейт өзінің бұл некесіне өзгелердің қалай қарайтыны оны алаңдаттырмайтынын сөз етті.

Ағаш пен Кейттің тойына ондаған адам қонаққа келіп, жергілікті музыкант әрі ақын Дэви Эдж ән салған.

Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Белгілі болғандай, әйел мұндай қадамға саябақтағы ағашты қорғау мақсатында барған. Ол кесілуі тиіс ағаштың мәселесіне, осылайша әлем назарын аударуға тырысуда.

Ағаш
Фото: John Hegarty/Triangle News

Еске салсақ, бұған дейін біз жастардан қалыспай ерекше сәнді киінетін зейнеткер жұп көпшілікті тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874110-agaska-trmyska-sykkan-jel-nekesine-bir-zyl-toluyn-atap-tti.html