RU

Қазақстанда демалыстағы шектеуді қай уақытта алып тастайтыны белгілі болды

дерт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыстағы шектеулерді алып тастауға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Демалыстағы шектеулерді алып тастау мәселесі әзірше қаралып жатқан жоқ", - деді бас санитар журналистерге берген сұқбатында.

Оның сөзінше, қазірдің өзінде демалыстағы шектеулер көп емес. Сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары, жабық базарлар сияқты адам көп жиналатын жерлер ғана жабық тұр. Одан бөлек, сұлулық салондары, фитнес пен SPA-орталықтары жұмыс істемейді.  

"Бүгінде демалыстағы шектеулердің саны аз қалды. Ал біздің негізгі міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау, одан кейін науқастардың санын біртіндеп азайту", - деді Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қыркүйектен кейін карантин қайта енгізіле ме деген журналистер сауалына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте COVID-19 вирусы 52 адамнан анықталды. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 106 855-ке жетіп отыр.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекордты тіркеді. Ұйымның мәліметі бойынша, жиырма төрт сағаттың ішінде вирус әлемдегі 307,9 мыңға жуық адамда расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874118-kazakstanda-demalys-knderindegi-sekteudi-kaj-uakytta-alyp-tastajtyny-belgili-boldy.html