RU

Жолы болғыш азамат гаражынан құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Ұлыбритания тұрғыны гаражындағы қоқыстарды жинап жүріп, құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шәйнек

Фото: ru.oxu.az

51 жастағы Ұлыбритания тұрғыны карантин кезінде үйінің қасындағы гаражды тазалауды ұйғарады. Ескі қоқыстың арасынан табылған құнды шәйнек ер адамның анасына тиесілі екен.

Марқұм анасының шәйнегі қорап ішінде тоғыз жыл бойы шаң болып жатқан. The Mirror басылымының ақпаратына сәйкес, Дербишир графствосында тұратын азамат шәйнектің қымбат тұратынын білмей, оны қайырымдылық дүкеніне өткізе салмақ болған. Кейін сараптамалық бағалау жасатқан ол, фарфор ыдыстың бағасын естіп, шалқасынан түсе жаздаған.

Шәйнек

Фото: ru.oxu.az

Бұл қымбат шәйнек шайға емес, шарапқа арналған екен. Кезінде қытай императоры Цяньлунның өзіне тиесілі болған шәйнек сол заманда тек сыйлы қонақтардың дастарханына қойылып келіпті.

Осы шәйнекке ұқсас екі шәйнек Бейжіңнің ұлттық мұражайында және Тыйым салынған қалада сақталған екен. Ер адам шәйнек отбасында бұрыннан пайдаланылып келгенін алға тартты. Оны кезінде ер адамның атасы Қытайдан алып келген екен.

Той

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар оғаш шешім ойлап тапты

Аукционда XVIII ғасырға тиесілі бұл ыдыс үшін 130 мың долларға дейін қаражат табуға болады. Ыдысты Hansons Auctioneers атты аукционда ел назарына ұсынбақ.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар оғаш шешім ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, денесінің 98 пайызын қараға бояған жігіт тіпті қолтығына дейін тату салдырғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жолы болғыш азамат гаражынан құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алды (фото)