RU

БАҚ: Навальный Ресейге келуді жоспарлап отыр

Telegram logo VKontakte logo

Жазылғаннан кейін Навальный өз еліне қайта оралуға ниетті. Ол неміс прокурорымен әңгімелесу барысында осы туралы баяндапты. Одан бөлек, оппозиционер тергеуде Ресеймен ынтымақтастық жасаудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік Навальный

Алексей Навальный. Фото: РБК / Владислав Шатило

Жақында БАҚ беттерінде Навальныйдың медициналық комадан шыққаны айтылды.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Навальный есін жинаған және өзіне не болғанын түсінеді деп хабарлайды The New York Times.

"Ол жағдайын, өзіне не болғанын және қай жерде жатқанын толық біледі", - делінген хабарламада.

Неміс прокурорымен сөйлесу барысында ол жазылғаннан кейін Ресейге қайта оралуға ниетті екенін білдірген.

Сонымен қатар, ресейлік тергеу қызметтерімен ынтымақтастық жасаудан бас тартқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный жағдайы нашарлаған кезде Омсктен Мәскеуге қарай ұшқан. Ол дәретханаға кіріп, сол жерде оның денсаулығы нашарлағаны хабарланған.

Ұшақ Омскке шұғыл қонған. Блогерді ауруханаға жеткізіп, ол комаға түскен.

Айта кетсек, саясаткер Томск әуежайында шай ішкен. Ал ұшақ бортында ол өзін кенеттен жайсыз сезінген. Навальный ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген.

Бекболат Тілеухан1

Тағы да оқыңыздар

Бекболат Тілеухан шетелге қару-жарақ сатуға өзінің қатысы бар деген қауесетке жауап берді

Сондай-ақ Омск дәрігерлері Алексей Навальныйды Германияға емделу үшін жіберуге рұқсат бермей отырғаны хабарланды.

Германия канцлері Ангела Меркель Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен кездескеннен кейін Германия Навальныйды қабылдап, оған медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

Сонымен бірге неміс мамандары Навальныйдың ағзасынан "Новичок" улағыш затының іздерін тапқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
БАҚ: Навальный Ресейге келуді жоспарлап отыр