Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі жол-көлік оқиғасы: экс-полицей кінәсін мойындады

Опубликовано:

Азат
Азат Азаматов. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы үшін айыпталған экс-полицей Азат Азаматов өз кінәсін мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан жазғандай, атышулы істі судья Мәди Көшікбаев жүргізіп жатыр. Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы, яғни өліммен аяқталған жазатайым оқиға бойынша айып тағылуда.

Сот отырысына бақылау-өткізу пунктіндегі апаттан аман қалған жалғыз адам келмеген. Кездесу барысында экс-полицей оқиғаның жай-жапсарын айтып, өз кінәсін мойындады.

"Құрметті сот, мен өз кінәмді мойындаймын және өкінемін", – деді Азаматов.

Айыпталушының айтуынша, 24 мамырда ол жол полициясында қызмет істейтін бұрынғы әріптестерімен бірге ішімдік ішкен. Ол бірнеше банка сыра ішіп, содан кейін не болғаны есінде жоқ. Азаматовтың айтуынша, апат кезінде ол ұйықтап қалған.

"Басқа ештеңе есімде жоқ, мен ауруханада ояндым. Олар менің апатқа ұшырағанымды айтты. Барлығы қалай болғаны есімде жоқ", – деді айыпталушы.

Сотта айыпталушы өзінің үйленгенін, кішкентай баласы бар екенін және жұмыссыз екенін айтты.

Еске салсақ, Алматыда 25 мамыр күні таңертең бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. BMW жүргізушісі патрульдік көлікпен соқтығысып, апат салдарынан қос полицей қызметкері қайтыс болған еді.

Оған қоса, екі полиция қызметкерлерінің өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісінің құқық қорғау органдарына қатысы бар болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874416-almatyda-blok-bekettegi-zol-klik-okigasy-eks-policej-kinsin-mojyndady/

pixel