RU

Досаев Назарбаевқа Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдайды баяндады

Telegram logo VKontakte logo

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Досаев 54

Фото: Elbasy.kz

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.

"Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық", – деді Ұлттық банктің төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы әңгімелеп берген болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы, қазір марқұм болып кеткен Николай Литошко ұзақ уақыт бойы оның резиденциясында тұрып, жұмыс істеген. Елбасы украин баласымен Днепродзержинскіде (қазіргі Каменское) оқып жүрген кезінде танысқан. Кейін жігіттер Теміртауда бірге жұмыс істеп, шойын шығарды. Бүгінде Грециядағы Санторини аралында тұрып жатқан Николай Литошконың әпкесі Ольга Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасқа толуымен құттықтап, оны отбасының досы ретінде қонаққа шақырғысы келетінін жеткізді

Жақсылық Шалабеков1

Тағы да оқыңыздар

"Үй орнында батпақ": Қарағанды әкімінің орынбасарына қатысты жаңа дерек шықты

Сондай-ақ бұған дейін ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайға сапармен келуге шақырғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Досаев Назарбаевқа Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдайды баяндады