RU

"Хайпты қуамын деп артық кеткен": Айқын Қуат Хамитовке қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген күні кеше басы дауға қалған спортшы Қуат Хамитовтың мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Ол ережесіз жекпе-жек жұлдызы тым артық кеткенін алға тартты. Алайда, өнер иесі бұл әрекетіне бола Қуат Найманды темір торға тоғыту дұрыс емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуат Найман залда

Фото: Instagram/kuat__khamitov

Айқын Төлепберген кешелі бері желіде қызу талқыланған Қуат Хамитовке қатысты пікірін ашық айтты. Эстрада жұлдызы спорт шеберінің іс-әрекетін құптамайтынын түсіндірді.

Оның сөзінше, ережесіз жекпе-жек өкілі білімі аздықтан әрі заң жағынан хабарсыз болғандықтан желідегі жалған ақпаратқа бірден сеніп қалған болу керек. Соның нәтидесінде атышулы видео жарыққа шықты.

Алайда, шоу-бизнес жұлдызы Хамитовтың үндеуінен кейін ешкім заңбұзушылыққа бармағанын ескере отырып, оның жазасын жеңілдеткен жөн екенін айтты.

Өнер иесі Қуат Найманның мәселесіне қатысты ойын Instagram парақшасында жеткізді.

"Ешкімді ұрған жоқ, Ешкімді сабаған жоқ. Заңды білмеген соң, ватсаптағы өтірік әңгімеге сене салып видео түсіра салған. Шынымен, дезинфекторлар мен вертолеттардың у тарататынына сенімді болған ғой (білімі аздықтан). Хайпты қуамын деп артық кеткен. Әрине дұрыс емес! Бірақ, Қуаттың сөзіне мән беріп, сол істерді жасаған бір адамды көрмедім. Сондықтан, біржолата кешіріп, штраф салып қана қою керек деген ой ғой бізде. 3 жыл деген сұмдық қой? "Қателеспейтін жан жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ"-деген бар" , - деп жазды Айқын Төлепберген.
Фото

Тағы да оқыңыздар

"Психдиспансерге күштеп жатқызды": Екібастұздық келіншек жанайқайын айтты

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік.

Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді.

Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Хайпты қуамын деп артық кеткен": Айқын Қуат Хамитовке қатысты пікір білдірді