RU

БҚО-да әкімдік қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген айыпқа жауап берді

Telegram logo VKontakte logo

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауеновке қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу туралы ақпаратты ресми растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ринат1

Ринат Шауенов. Фото: БҚО әкімдігі

Әлеуметтік желіде шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланды. Дереккөз оған қатысты Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Жымқырылған сома да аталды – 199,5 миллион теңге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері туралы ақпаратты растады.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат алып қосары жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қарауда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабы шеңберінде тергеу әрекеттері жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Соңғы процессуалдық шешім әлі қабылданған жоқ", – деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.
Көше маска1

Тағы да оқыңыздар

Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

Мемлекеттік қызметшінің өзі таратылған ақпаратпен мүлдем келіспейді. Оның айтуынша, тергеу аймақтағы су қорын бекіту үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған тендерге қатысты.

"Мердігерлердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымдар жаза бастады. Ол конкурстың әділетсіз өткендігін алға тартты. Содан кейін Мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерінің қатысуымен тексерулер басталды. Олар екі жылға есептелген аяқталған жұмысты тексерді. Бұл жерге өздігімізден бардық.

Мердігерден бұрғыланған ұңғымалардың нақты орналасқан жерінің координаттары сұралмады. Нәтижесінде 540 ұңғыманың 220-сы табылған жоқ, бірақ олар бұрғыланды. Мүмкін, жоспарланған нүктеден 500 метр немесе 1,5 шақырым жерде. Координаттар көбінесе бұрын қойылғаннан ерекшеленеді. Бұл жобада қарастырылған. Біз Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жүргізілген аудит нәтижелерімен келіспедік", – деп атап өтті Ринат Шәуенов.

Сот1

Тағы да оқыңыздар

"Біз келгенде нәресте өлі еді": Атыраудағы атышулы істің жаңа егжей-тегжейлері жарияланды

Қазір шенеунік жұмысын жалғастыруда. Ол жарияланған ақпарат оның беделіне нұқсан келтірді дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Қарағандыда қала әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков бюджеттің 107 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
БҚО-да әкімдік қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген айыпқа жауап берді