Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полиция жезөкшелер ордасын әшкереледі

Опубликовано:

полиция12
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Тәртіп сақшылары притоннан төрт жезөкше қызды қолға түсірген. Олардың үшеуі өзбекстандық болса, біреу қазақстандық. Полицейлер олардың бәрін профилактикалық есепке алған.

Түркістан облысы ПД айтуынша, олар адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде, күнделікті қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексеріп отырады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда интимді қызмет көрсететін ер адамдар саны көбейгенін жазған едік. Сарапшылар мұны коронавирус пандеммиямен байланыстырды.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында полицейлер 15 жезөкшені қолға түсіргенін хабарладық.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874772-trkistan-oblysynda-policejler-zezkseler-ordasyn-skereledi/

pixel