RU

Тоқаев тексерулерге мораторий енгізу туралы жарлығын толықтырды

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875179-tokaev-tekserulerge-moratorij-engizu-turaly-zarlygyn-tolyktyrdy.html