RU

"Сән-салтанатсыз өтеді": Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: kstnews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барша алматылықтарды қала күнімен құттықтап, атаулы мерекені салтанатты түрде тойлауға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астана басшысының ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті.
Бұл нәубет адамдарды жақындастырды, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар, әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді" , - деп жазды Сағынтаев.

Шаһар басшысы сөз соңында барша алматылықтарды қала күнімен құттықтады.

"Қымбатты қала тұрғындары, Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала", - деп жазды әкім.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың қандай екенін айтқан болатын. Оңтүстік астана басшысы мегаполистегі ахуал жақсарып келе жатқанын жеткізді.

Әкім «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының маңызды сұрақтарына жауап беріп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875214-sn-saltanatsyz-tedi-bakytzan-sagyntaev-almatylyktarga-ndeu-zasady.html