RU

Жұмыс орнында өз әріптесін өлтірген алматылық тоғыз жылға сотталды

түрме 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы тұрғыны жұмыс орнындағы әріптесін өлтіргені үшін тоғыз жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаттық рухы" сайтына сілтеме жасап.

"2020 жылдың мамыр айында екі ер адам жұмыста алкоголь ішкен. Олардың арасында түсініспестік орын алған. Содан кейін мерекеге қатысушылардың бірі екіншісін тұншықтырып, оны еденге құлатты. Жәбірленуші сотталушыны босатып, орнынан тұрып, цехтан шығуға бет алды. Осы кезде сотталушы көтеріліп, ер адамды ұстап алып, оның басынан жұдырығымен ұрған",- делінген хабарламада.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындаған.

"Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған адамның әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды", - делінген Алматы сотының сайтында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейі Қарағанды қаласының өрт сөндірушілері қаланың орталығындағы өртеніп жатқан пәтерден ер адамның мәйітін тапқанын жазғанбыз. Олар 3 адамды құтқарып, үйдің 9 тұрғынын эвакуациялады.

"Пәтерді шолу кезінде 1968 жылы туған ер адамның денесі табылды. Подъезд қатты түтінге оранғандықтан құтқарушылар құтқару қалпақтарының көмегімен подъезд пәтерлерінен 3 адамды құтқарды, оның біреуі бала. Сондай-ақ, баспалдақтан 9 адамды эвакуацияланды, оның екеуі бала", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875238-zmys-ornynda-z-riptesin-ltirgen-almatylyk-togyz-zylga-sottaldy.html