RU

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

тәжвир85
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл кешегі көрсеткішке қарағанда әлдеқайда төмен деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 45 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 6

Алматы қаласы - 3

Ақмола облысы - 2

Атырау облысы - 2

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 4

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 4

Түркістан облысы - 1

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107307-ге жетті.

Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

"Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыруын көрсеткішін төмендете алуымыз керек", - деді ол.

Ол үшін әлем болып коронавируспен күресті жалғастыру керек.

Айта кетсек, Билл Гейтске айтуынша, АҚШ қалыпты өмірге келесі жазда оралуы мүмкін.

Еске сала кетейік, филантропқа коронвирусты жасап шығарды деген айып тағылды.

Кейінірек, филантроп адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875268-kazakstanda-koronavirus-zktyru-krsetkisi-tmendedi.html