RU

Мақсат Кикимов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Мақсат Кикимов
Фото: Алматы әкімдігі

Бірнеше жыл бойы оңтүстік астанадағы ауданға басшылық етіп келген Мақсат Кикимов енді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды " , - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Мақсат Кикимовтың Сапарбек Тұяқбаевтың орнына келген.

Еске сала кетейік, Тұяқбаев елімізде пандемия өршіп тұрғанда дәрі тапшылығына шағымданған алматылықтарды "хайп жинап жүр" деп кінәлаған болатын.

Сондай-ақ, айта кету керек, Мақсат Кикимов бірнеше жыл бойы Алматы қаласындағы Жетісу ауданының әкімі болып қызмет етті.

Ол банк ісі, Алматы экономика және статистика  академиясын және "Тұран" университетін тәмәмдаған. 

Жалпы еңбек өтілі 13 жылды құрайды. Оның 6 жылын мемлекттік қызметте атқарып келеді.

Кикимов Жетісу ауданының әкімі болып, 2019 жылдың шілде айында тағайындалды.

Оған қоса, оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев күні кеше барша алматылықтарды қала күнімен құттықтап, маңызды үндеу жасады. Ол осы жылы аталмыш мерекенің сән салтанатсыз өтетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875316-maksat-kikimov-almaty-kimini-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy.html