Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте банк қызметкерлері жалған еуро сатты деп күдіктенді

Опубликовано:

еуро ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Банк қызметкерлері жалған 500 еуро сатты деп күдіктелуде. Жалпы сома 4000 еуроны құрады. Бұл туралы Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы Жанат Еліманов онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, қылмысқа банктің бес қызметкері күдікті болып отыр, олар филиалда жалған ақша сатқан деп болжануда. Қазір оларға қатысты тергеу аяқталуға жақын қалды.

Сонымен қатар, үш адам жалған 500 еуро банкнотын жеткізгені үшін сотталды. Жеткізу арнасы жабылды және сотталушылардың бірі Ресей азаматы болып шықты. Сотта тағы бір іс қаралуда, айыпталушы Грузия азаматы болып отыр.

Сонымен қатар, Алматы облысында жасанды ақша жасаушы табылды, ол жер асты цехында 5 және 10 мың теңгенің жалған купюраларын шығарды. Тағы бір алаяқ 5000 теңгелік банкноттарды қолдан жасап сатқан, олардың жалпы сомасы миллион теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайтын 381 жалған банкнот анықталған еді.

Бұл туралы ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асхат Әбішев айтты.

Оның сөзінше, елімізде 2020 жылдың жеті айында жалпы сомасы 1,2 миллион теңгені құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталған. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмегені белгілі болды.

Айта кетсек, қазақстандықтар қаражатын қай банктерде сақтағанды дұрыс көретінін осыған дейін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875371-symkentte-bank-kyzmetkerleri-zalgan-euro-satty-dep-kdiktendi/

pixel