RU

Қостанайда тәртіп бұзған ер адам полиция көлігінің есігінен қашып кетті (видео)

жігіттер
Видеодан кадр: instagram.com/zhest_kazakhstan

Қостанай облысында патрульді полиция көлігінің артқы есігінен шыққан ер адам жолдың үстінде қашып кетті. Осыған байланысты жұмысына салғырт қараған полицейлер тәртіптік жауапқа тартылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

Бейнежазбада ер адамның патруль көлігінің артқы есігінен шығып кеткені көрінеді.

"Бұл оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патруль полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан.
Патруль машинасы тоқтаған кезде, тәртіп бұзушы көліктен шығып кеткен. Алайда, ол бірден ұсталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді", - деді полиция ақпаратында.

Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізген. Патруль көлігінің есігін дұрыс жаппаған полицейлер тәртіптік жауапқа тартылған.

Еске сала кетсек, Ақтауда мас күйінде көлік айдаған 15 жасар бала әйелді үш рет басып кеткенін хабарладық.

Екі ай бұрын болған оқиғаны басылымға жәбірленушінің қызы Майина Агалорова айтып берген.

Агалорованың айтуынша, жасөспірім оның анасын үш рет басып кеткен. Соңғысында әйел көлік дөңгелегінің астында қалып қойған. Зардап шегушінің бес қабырғасы сынып, өкпесі тесіліп, байламдары жыртылған.

Сондай-ақ, кеше Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесіп, оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Кейінірек, аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875799-kostanajda-trtip-bzgan-er-adam-policia-kligini-esiginen-kasyp-ketti-video.html