Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қандай жаза тағайындалуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Фото: Kazpravda.kz

"СК-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тергеу "Ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бабы бойынша жүргізілуде.

Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл қылмыс жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазаны қарастырады.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде, елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде Берік Шәріп "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымының жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылып, 12 шілдеде оның орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.

Ол бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұрады.

Осыдан кейін "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуынша, ол өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Берік Шәріп 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әр жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Астана және Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменттерінде әртүрлі позицияларды атқарды. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында басқарманың сарапшысы, бас сарапшысы.

2009-2012 жылдары - Департаменттің бас заңгері, Департаменттің бас менеджері, бөлім бастығы, "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарушы директоры. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін - "Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.

2017-2018 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары, орынбасары. 2018 жылғы мамырдан бастап - "СҚ Фармация" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875854-sk-farmacia-bryngy-bassysy-berik-sripke-kandaj-zaza-tagajyndaluy-mmkin/

pixel