Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы аспанында айналып жүрген Air Astana ұшағы тұрғындарды алаңдатты

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұшақтардың әуедегі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін бағдарламаның скриншоттары желіде пайда болды. Суреттерге сәйкес, Air Astana ұшағы Алматы аспанын бірнеше рет айналған. Тұрғындар осы жайтқа алаңдаулы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісі тасымалдаушының ресми өкілдеріне хабарласты. Елдің зәресін ұшырған жағдай тек жаттығу болып шықты.

"Жаңадан келген ұшқыштарға, олар курсанттар немесе басқа әуе кемелерінен дайындалған ұшқыштар болсын, ұшуға арналған дайындықтың бір бөлігі, бұл аэродромдық дайындық деп аталады", - деді әуе компаниясы.

Сондай-ақ, компания ешкімді қорықпауға шақырды. Өйткені, жаттығу тәжірибелі мамандардың қатысуымен өтеді. Жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Qazaq Air әуе компаниясының лайнері ұшып кеткен соң елордалық әуежайға қайта оралғаны туралы ақпарат тарады.

Кейінірек, компания аталмыш жайтқа түсінік білдірді. Келеңсіз жағдай Нұр-Сұлтан - Шымкент бағытында болған.

"11 қыркүйекте әуеге көтерілгеннен кейін экипаж шассидің сол жақ негізгі қақпағы жабылмаған деген белгі алды. Экипаж бақылау парағында көрсетілгендей іс-әрекет жасап, белгіленген тәртіп бойынша ұшқан уежайға қайта оралды. Авиациялық инжиниринг қызметі осы оқиғаның себебін анықтау бойынша шаралар кешенін өткізді. Осыдан кейін әуе кемесін одан әрі пайдалануға рұқсат етілді", - деді әуе компанияның баспасөз қызметі.

Ал Алматыдан Семейге ұшатын рейс өз уақытынан 40 минутқа кешікті. Белгілі болғандай, бортта басқа рейстің жолаушысы болған.

Одан бөлек, елордадан Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы аспанда құспен соқтығысып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875857-almaty-aspanynda-ajnalyp-zrgen-air-astana-sagy-trgyndardy-rejin-syrdy/

pixel