RU

"Қышып кетті": Ләйлә Сұлтанқызы эфир кезінде ыңғайсыз жағдайға қалған

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші тікелей эфир кезінде орын алатын қызықты жайттармен бөлісіп, оқырмандарын күлкіге қарық қылды. БАҚ өкілі өз басынан өткен жағдайларды есіне алып, оны қалың көпшілікке айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында кадрдан тыс видеосын жариялап, оқырмандарына көбіне эфирге кірмейтін оқиғалар анағұрлым қызығырақ екеніне көзі жеткен. Сол себепті тележүргізуші жанкүйерлеріне осы жақын арада орын алған ыңғайсыз жағдай жайында айтып берді.

БАҚ өкілі өзіне гүл сыйлаған студия қонағының көзінше ұятқа қала жаздаған. Белгілі болғандай, тарту етілген гүл шоғынан оның аллергиясы бар болып шықты. Сұлтанқызы мұрны қышып, түшкіргісі келсе де тікелей эфир үшін өзін барынша ұстап отырған.

"Қышып кетті. Соңына дейін оқымай жатып, “арам ойға” кетсеңіз, оралыңыз. Айтайын деп отырғаным мүлде басқа нәрсе. Кешегі Stories-терден кейін көпшілікке эфирге кірмейтін оқиғалар мен кадрлардың қызық екенін байқадым)) Соның бірімен бөлісе отырайын.

Осы күндері Алматыда бағдарлама түсіріп жүрміз. Сұхбатқа келген алдымдағы қонаққа гүл сыйлады. Дәл сол гүлге аллергиям бар. Жоба ұйымдастырушыларының жоспары бойынша ол гүл қонақ екеуміздің ортамызда тұруы керек. Құрғыр, мұрным қышып, түшкіргім кеп барады.

«Мына гүлді астына қоя салайын, иә?» - десем, сұхбат беруші де алдымда тұрсыншы деп қоймайды. Мәссаған, ең жаманы түшкірікті қысу екен ғой. Бұл мейлі. Эфир/запись кезінде ең жаманы не, айтайын ба? – Жауырын қышуы.

Қасынайын десең, 1040 адамнан бөлек үлкен-үлкен 9 камераның назары сенде. Қасынбайын десең, өлтіріп бара жатыр. Қолың да жетпейді ғой тағы. Еркінсіп, эфирде қалауыңды орындай алмайсың. Қанша адам еңбек етіп, алдыңда қанша қадірлі қонақ отыр. Қысқасы, шыдадым" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875969-kysyp-ketti-ljl-sltankyzy-efir-kezinde-ygajsyz-zagdajga-kalgan.html