RU

"Ғажайып ғасырдағы" Хюрремнің рөлін сомдаған актрисаның ғашығы кім

Хюррем
Фото: showbiz.clutch.ua

"Ғажайып ғасыр" телехикаясында Хюрремнің рөлін сомдаған актриса ғашығы туралы айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса әрі модель Мерьем Узерлидің жақында жүкті болып қалғаны белгілі болған еді. Актриса журналистерге бұл қуанышты хабарды өзі хабарлаған деп жазады StarHit.

Ол жүктіліктің бесінші айында екен. Құрсағындағы баланың әкесі кім екенін актриса нақты айтпаса да, ғашығы туралы біраз ақпаратпен бөлісті.

Мерьемнің айтуынша, сүйіктісі шетел азаматы екен. Ол Мерьем үшін АҚШ-тан Германияға көшіп келіпті. Енді қос ғашық бірге бақытты отбасылық күндерін өткізуде.

"Мен қазір жалғыз емеспін. Өмірімде маңызды адам бар. Ғашықпын. Ол - америкалық азамат. Германияға АҚШ-тан Лара екеуімізбен бірге болу үшін көшіп келді. Өзімді дайын сезінгенде тұрмысқа шығамын. Біз коронавирус пандемиясы кезінде бірге тұрып жатырмыз. Мен бетперде киген 20-30 қонақтан құралған тойды армандамаймын. Кейін қалай боларын көре жатармыз", - дейді ол.

Жақын күндері босануға дайындалып жатқан актриса мансабын тастамайтынын мәлімдеді.

Айта кетсек, Мерьемнің бұрынғы күйеуі Джан Атештен бір қызы бар.

Еске салсақ, бұған дейін біз пластикалық операциялардан кейін "Ғажайып ғасыр" телехикаясының жұлдызы 36 жастағы Мерьем Узерлиді жанкүйерлері танымай қалғанын жазған болатынбыз.

2018 жылғы Канн фестиваліне келген жұлдызды табынушылары танымай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876050-gazajyp-gasyrdagy-hurremni-rlin-somdagan-aktrisany-gasygy-kim.html