RU

Барак Обама Twitter-де өзінің телефон нөмірін жариялады

Барак Обама1
Барак Обама. Фото: DNCC via Getty Images

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама өзінің Twitter-дегі парақшасында телефон нөмірін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы CentralAsia.media-ға сілтеме жасап.

Ол өзінің нөміріне смс хабарлама жіберуді сұраған.

"Жарайды, жаңа дүниені байқап көрейік, егер сіз АҚШ-та болсаңыз, маған 773-365-9687 нөміріне хабарлама жазыңыз, мен сіздердің жағдайларыңыз, ойларыңызда не бар екені туралы және осы жылы кімге дауыс бергіңіз келетінін білгім келеді. Мен сіздермен ара-тұра хабарласып, өз ойларыммен бөлісемін", – деп жазды ол.

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында коронавирусты "қытайлық вирус" деп атап, пандемияның болуына басты себепші – Қытайды жазаға тартуды талап етті. Ол Пекинді "ұшақтардың Қытайдан ұшуына жол беріп, вирусты әлемге жұқтырды" деп айыптады.

Айта кету керек, АҚШ-тың Флорида штатындағы Опа-Лока қаласында тұрғындарға көшеде шалбардың ауын түсіріп киюге ресми түрде рұқсат етілді.

Белгілі болғандай, 13 жыл бұрын Флорида штатының Опа-Лока қаласында шалбарды "ауын салбыратып" киюге тыйым салынған екен деп жазады AP News. Билік адамның іш-киімі көрініп қалатындай деңгейде шалбарды түсіріп киюді әдепсіздік қатарына жатқызып келген.

Осылайша, жергілікті тұрғындар мұндай "әдепсіздік" үшін 500 долларға дейін айыппұл арқалап келген немесе бұл жазаның орнына 25 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876059-barak-obama-twitter-de-zini-telefon-nmirin-zarialady.html