RU

"Айтқым келмейді": Мадина Сәдуақасованың күйеуімен ажырасып кеткені рас па

Мадина Сәдуақасова күйеуі мен ұлымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова барша жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Желіде әншінің жолдасымен ажырасып кеткені жайлы қауесеттер тарап кетті. Оның үстіне өнер иесі сұхбаты барысында күйеуі туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты деп жазады Kaz.nur.kz.

Мадина Сәдуақасова бұған дейінгі сұхбаттарында жолдасы туралы айтудан еш жасқанбайтын. Керісінше, эстрада жұлдызы отағасын мақтап, оның ел білмейтін қырларымен бөлісіп жүрді.

Алайда, бұл жолы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында әнші кенеттен күйеуі жайлы қойылған сұрақтың ешбіріне жауап бергісі келмейтінін айтты. Өнер иесі оған не себеп болғанын түсіндіргісі келмеді.

"Жолдасым жайлы айтпасам бола ма? Еш нәрсе айтпай-ақ қояйыншы. Көрермен өзі де түсінеді деп ойлаймын" , - деп қысқа қайырды Мадиан Сәдуақасова.

Оған қоса, желідегілер оның жолдасы жайлы сұрап жатқан сәтте, төмен қарап бірден көңіл-күйі бұзылып кеткенін байқаған.

Олардың кейбірі ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжап жазуда.

"Ажырасып кеткені шындық болғаны ғой" , "Білгем, шетелде тек ұлымен ғана жүр. Жолдасы жоқ қасында" , "Ажырасып кеткен секілді. Демалысқа бірге бармаған" , "Ажырасты деп ойламаймын. Ұрысып қалған болар. Татуласады", "Ренжісіп қалған шығар. Уақытша ғой" , "Рас па? Бұл жұптың ажырасатынына сенгім келмейді. Сондай ерекше еді өздері" , "Әдемі жұп едіңіздер. Не болып қалды? Кім түсті араларыңызға?" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, өнер иесі қазіргі таңда Мысыр елінде ұлымен және туған сіңлісімен демалып жатыр.

Сәдуақасова желіде өзі де мұңға толы жазба жариялап, елді уайымға салған болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1876207-ajtkym-kelmejdi-madina-sduakasovany-kjeuimen-azyrasyp-ketkeni-ras-pa.html