RU

Қазақстанда тағы 231 адам КВИ белгілері бар пневмонияға шалдықты

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Emin Sansar/Anadolu Agency via Getty Images

24 қыркүйекте Қазақстанда КВИ және пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды (4-еуі коронавирустан, біреуі COVID-19 белгілері бар пневмониядан) деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония дертіне шалдығудың 231 жағдайы және 1 өлім тіркелген.

Сонымен қатар, 109 адам осы аурудан емделіп шығыпты.

1 тамыздан бастап барлық ауырған науқастар саны – 31 991 болса, оның 347-сі көз жұмған, ал жазылып шыққандар саны 26 914-ке жетіпті.

Кеше қазақстанда 37 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықса, 4 адам қайтыс болған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы ұсынған мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 40 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 98 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салсақ, Қазақстанда 24 қыркүйекте ПТР-тестілері оң нәтиже көрсетіп, коронавинус инфекциясын жұқтырудың 61 жаңа жағдайы анықталды.

Оған қоса, ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады.

Айта кеткен жөн, коронавирустан жазылып шыққандар медициналық оңалту орталықтарына қайта ағылып жатыр. Олардың арасында психикалық тұрғыдан көмекке зәру жандар жетерлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876209-kazakstanda-tagy-231-adam-kvi-belgileri-bar-pnevmoniaga-saldykty.html