RU

Шығыс Қазақстанда қар жауды (фото, видео)

Қар1
Фото: instagram.com/kartashevruslan

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарына қар түсті. Instagram желісінде облыс тұрғындары фото және видеолармен бөлісіп жатыр деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Қар жамылған аймақтың кадрларының көп бөлігі Риддер қаласы, Катонқарағай және Күршім облыстарындағы тау бөктерінде түсірілген.

Куәгерлердің айтуынша, кей жерлерде қар жамылғысының биіктігі 12 сантиметрге жеткен. Ауданда бірнеше күн бойы дауылды ескерту жарияланғанын ескерсек, бұл таңғаларлық құбылыс емес.

"Соңғы күндері орнатылған ауа температурасының төмендігін ескерсек, бұл Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтары үшін жылдың осы уақытындағы қалыпты құбылыс. Мысалы, Риддерде метеорологиялық станцияның өзінде қар байқалмаған, бірақ таулар мен тау бөктерлеріндегі қар көзге көрініп тұрады. Ертеңгі күннің ауа райы болжамы дәл осындай: облыста жауын-шашын, жаңбыр, көктайғақ болуы мүмкін, температура көтерілмейді", – деп атап өтті "Қазгидрометтің" облыстық филиалында.

Синоптиктер алғашқы қардың ертерек жауғанын, яғни тауда қар қыркүйектің ортасында пайда болғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аймақ тұрғындары бұл құбылысқа ерекше қуанды.

"Риддерге таңғажайып мезгіл келіп жетті. Тауларда қар көптеп түсті! Осы кезеңде шаңғышылар мен сноубордшылар күшті эйфорияны бастан өткеруде!", – деп жазып жатты әлеуметтік желідегілер.

Еске салсақ, Өскеменнің қоғам белсенділері жетім балалар тұруы тиіс үйлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.

Оған қоса, осыдан екі күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының басшысы Глубоковск ауданының жаңа әкімін таныстырды. Жаңа әкім бұрын еден жуушы болып қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876287-sygys-kazakstanda-kar-zaudy-foto-video.html