Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялады

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев COVID-19 науқастарына арналған жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы оңтүстік астананың басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұрын жоспарланғандай, COVID-19-бен қарсы іс-қимылда төсек-орын қуатын күшейту үшін 500 орынды жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы дайындалды", - деді ол.

Кадр сыртындағы дауысқа сәйкес, бұл аурухана еліміздегі ең ірі COVID-19 госпиталі болып табылады.

Медициналық мекеме Қазақстандағы ең үлкен реанимациялық палата жасақталған. Әр палатада 3 түрлі газдың шығуына мүмкіндік беретін жүйе орнатылған. Барлық коммуналдық жүйе тазарту құрылғысымен жасақталған. Бұл аурухананың жұмысының қауіпсіздігін білдіреді. Сонымен қатар, бұнда медициналық қоқыстарды зарарсыздандыру мен жоюдың заманауи жүйесі орнатылады.

25 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 69 дерегі тіркелді. Осылайша, қазіргі уақытта республика бойынша COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 107659-ға жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайын болу керегін айтты. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қатаң карантиннің қандай жағдайда енгізілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876423-almaty-kimi-zaa-moduldik-auruhanany-videosyn-zarialady/

pixel