RU

"Тұман, үсік": Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

"Қазгидромет" мамандары еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болмақ. Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.

  • 27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
  • Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
  • Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
  • Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.
  • Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.
  • 27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.
  • 27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
  • 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876450-tman-sik-kazakstanny-segiz-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy.html