Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 64 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

ПТР тестілеу ковид1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 науқас тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, вймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 10,

Алматы қаласында - 3,

Ақмола облысында - 4,

Ақтөбе облысында - 2,

Алматы облысында - 2,

Атырау облысында - 4,

Шығыс Қазақстан облысында - 17,

Жамбыл облысында - 2,

Батыс Қазақстан облысында - 2,

Қарағанды облысында - 4,

Қостанай облысында - 3,

Маңғыстау облысында - 2,

Павлодар облысында - 4,

Солтүстік Қазақстан облысында - 5 жаңа науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 107 723 адамға жетіп отыр.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Жер бетінде коронавирус жұқтырғандар саны 32 миллионнан, ал инфекциядан көз жұмғандар саны 988 мыңнан асты. Барлық елдерде вирус жұқтырып, қайтыс болғандар саны көбеюде.

Сондай-ақ жақында Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген болатын.

Аталған елде соңғы күндері анықталған жаңа инфекциялық жағдайлар саны тәулігіне 3 мың адамнан асып түскен.

"Бүгінгі таңда бізде тәулігіне 3 мың коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Өкінішке қарай, бұл - Украинадағы екінші толқын. Біз украиналықтар үшін де, Украинаға келген шетел азаматтары үшін де тәуекел ете алмаймыз. Содан кейін, бұл жағдай тұрақталған кезде ғана Украина шекаралары ашылады", – деді Зеленский Братиславадағы баспасөз конференциясында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876455-kazakstanda-tagy-64-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel