Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым

Опубликовано:

Метеорит
Фото: boredpanda.com

Кезінде көк тиынға сатып алынған бұл бұйымдардың құны қыруар қаражат тұратынын қожайындары білмей келген. KAZ.NUR.KZ порталы қымбат бұйымдардың бірқатарын назарға ұсынады.

Кей жолы болғыш адамдар бір ғана бұйымның арқасында миллионерлер қатарынан табылып жатады деп жазады boredpanda.com басылымы. Қожайынын аяқ асты байлыққа кенелткен сегіз оғаш бұйымға көз жүгіртіп көрелік.

607 мың долларлық сақина

Сақина
Фото: boredpanda.com

Ұлыбритания тұрғыны Дебра Годдард бұл сақинаны 1986 жылы небәрі 13 долларға сатып алады. 33 жылдан соң қаражат тапшылығынан сақинаны сатпақ болған әйел, оның таза бриллиант екенін анықтап, аукционда 607 мың долларға сатқан.

1,5 млн долларлық жамылғы

Жамылғы
Фото: boredpanda.com

2007 жылы Калифорния тұрғыны Лорен Крайцер жол апатынан аяғынан айырылып, ақшасыз қалады. Теледидардан қымбат бұйымдар туралы шоуды тамашалаған әйел әжесінен қалған жамылғы бір жарым млн доллар тұратынын ұққанда, өз көзіне сенбеген. Десе де әжесі қалдырып кеткен ескі жамылғы оны кенеттен байытып жіберген.

20 млн долларлық Фаберже жұмыртқасы

Жұмыртқа
Фото: boredpanda.com

Америкалық кәсіпкер бұл жұмыртқаның құнды болатынына үміттеніп, 14 мың долларға сатып алады. Кейін оның орыс патшалық отбасына тиесілі жұмыртқа екенін түсініп, бұйымды аукционда 20 млн долларға сатқан.

100 млн долларлық алып інжу маржан

Інжу
Фото: boredpanda.com

2006 жылы дауылдан кейін балықшының қайығы тасқа тіреліп қалады. Тасты қызық көрген азамат оны алып кетіп, үйінде 10 жыл сақтаған. Кейін үйі өртенгесін тасты тазартуға берген ер адам оның алып інжу екенін анықтайды. 34 келілік інжу 100 млн долларға сатылған.

100 мың долларлық Эдмор метеориті

Метеорит
Фото: boredpanda.com

АҚШ тұрғыны 22 келілік бұл темір таспен 30 жыл бойы үйінің есігін тіреп келген. Бұрынғы ферма иесі бұл тас метеорит екенін 80-ші жылдары ер адамға айтып, табыстап кеткенімен, ер адам ұзақ жылдар бойы бұған сенбей келіпті. Ақыры ферма иесінің сөзін тексеруге ұйғарған азамат аукционда Эдмор деп аталып кеткен метеоритті 100 мың долларға сатады.

400 мың долларлық жүзік

Жүзік
Фото: boredpanda.com

АҚШ тұрғыны бұл жүзікті әжесінен мұраға алған. Бриллиантпен әрленген сақинаның құны 400 мың долларға бағаланыпты.

Чероки тайпасының 145 мың долларлық сөмкесі

Сөмке
Фото: boredpanda.com

2010 жылы Сан-Диего тұрғыны көрмеге сөмке алып келеді. Ол бұл сөмкені әкесіне 1846 жылы Чероки тайпасы алғыс ретінде сыйлағанын алға тартқан. Кейуана сөмкені 145 мың долларға сатып жіберді

Джузеппе Педраццинидің 50 мың долларлық скрипкасы

Скрипка
Фото: boredpanda.com

Техас тұрғыны бұл скрипканы қоқыс арасынан тауып алады. Скрипка Джузеппе Педрацциниге тиесілі екені анықталып, 50 мың долларға бағаланған.

Еске салсақ, бұған дейін біз көбі біле бермейтін он оғаш зат жұрттың таңданысын тудырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876603-kk-tiynga-satyp-alynyp-kyruar-karazatka-satylgan-segiz-tagazajyp-bjym/

pixel