RU

Қазақстанда бір тәулікте тағы 58 адам коронавирус жұқтырды

тест сынамасы 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте тағы 58 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 6,

Алматы қаласында - 5,

Шымкент қаласында - 1,

Ақмола облысында - 2,

Алматы облысында - 2,

Атырау облысында - 1,

Шығыс Қазақстан облысында - 21,

Батыс Қазақстан облысында - 2,

Қарағанды облысында - 4,

Қостанай облысында - 3,

Павлодар облысында - 6,

Солтүстік Қазақстан облысында - 5 жаңа науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107 833 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Белгілі болғандай, бірқатар вакциналар клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңіне рұқсат алған.

Сондай-ақ бұған дейін әлем елдерінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны миллионнан асқанын хабарлағанбыз.

Worldometers онлайн-дайджестінің мәліметтері бойынша, 28 қыркүйек күні таңертеңгі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны әлемде 33,3 миллион адамды құрады, ал 24,6 миллион адам қауіпті аурудан айығып шықты.

28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан жапа шеккендер саны дүние жүзінде 1 002 383 адамды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876739-kazakstanda-bir-tulikte-58-adam-koronavirus-zktyrdy.html