RU

Ақтауда "оқ жарақатын алдым" деген сарбаздың оқиғасын әскери полиция түсіндірді

Әскери
Фото: КТК арнасы

Ақтауда оқыстан басы жарақаттанған әскери алғаш рет сұхбат берді. Сондай-ақ, әскери полиция әлеуметтік желіде оның жарақаты туралы тарап жүрген алып-қашпа әңгімелерге жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын сарбаздың басына оқ тиіп, ғажайыптың күшімен тірі қалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Әлеуметтік желі қолданушылары сарбаздың таңғаларлық жағдайда жарақат алғанын жарыса жазуда.

Таратылған жұмыс құжаты бойынша, жазатайым оқиға болған күні Шымкенттен шақырылған әскери қызметкер Ақберген Кәрімов жаттығулар кезінде түйелерді полигоннан айдап жүрген екен. Бір кезде сарбаз сүрініп, құлап, жарақат алыпты.

Жас жігіт болған жайтқа қатысты алғаш рет пікір білдірді. Оның сөзінше, басына оқ тиген. Алайда әскери полиция мұндай күмәнді нұсқаны тіпті қарастырып отырған жоқ.

Ақбергеннің айтуынша, оның өзі нақты не болғанын түсінбеген. Ол құлап, есінен танып қалған көрінеді. Алайда кейіннен оянып, тіпті орнынан тұрып кетіпті. Кімнің, қайдан атқаны есінде жоқ екен. Ол барлығы құжатта жазылғандай болғанын айтуда.

Осы уақытта әскери полиция қару ұстау ережесінің бұзылуына байланысты тергеу бастады. Оқиғадан кейін бірден осы жұмбақ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы топ жиналды. Олар қылмыскерлерді тауып, жауапқа тартуға уәде береді.

Ведомство сарбаздың "өзі оққа ұшты" деген нұсқаны қарастырмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6656 және 3502 әскери бөлімдері әскери полиция бөлімінің басшысы Любовь Подковырова атап өткендей, әскери қызметші өзі құлады деген ақпарат әскери бөлімнен немесе құқық қорғау органдарынан түскен жоқ.

Ол мерзімді әскери қызметкердің жарақат алғаны туралы алғашқы мәліметтерді ғана растады, содан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Оқ сараптамаға жіберілді. Ақбергеннің қызметінің аяқталуына екі ай ғана уақыт қалды, ол ауруханадан шыққаннан кейін де қызметін жалғастыруға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы сарбаздың денсаулығына қатысты дәрігерлердің пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Армения Әзірбайжанмен шайқас кезінде 31 сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876784-aktauda-ok-zarakat-aldym-degen-sarbazdy-okigasyn-skeri-policia-tsindirdi.html