RU

Елордада халықаралық гуманитарлық құқық және кибер операцияларды реттеу мәселесі талқыланды

Дөңгелек үстел
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласында «Қарулы қақтығыстар кезінде кибероперацияларды пайдалану: ықтимал адам шығыны және халықаралық құқықтық база» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс – шараны ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ҚР Ұлттық қорғаныс университеті Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Отырысқа ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Дөңгелек үстел жұмысына заманауи байланыс құралдарының көмегімен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы халықаралық ұйымның Женева, Мәскеу, Ташкент және Нұр-Сұлтандағы ресми өкілдіктерінің сарапшылары қосылды.

Соңғы жылдары қарулы қақтығыстарда кибер операцияларды қолдану шындыққа айналды. Бұл ретте кибернетикалық құралдар мен соғыс жүргізу әдістерін пайдалану халықаралық гуманитарлық құқық нормаларымен реттелмейді. Әлем сумен жабдықтау жүйелерінен бастап ядролық нысандарға дейінгі инфрақұрылымның маңызды элементтеріне жасалған кибершабуылдардың куәсі болды.

Дөңгелек үстел
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Отырысқа қатысушылар бұл мәселеде консенсусқа қол жеткізу қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876894-elordada-halykaralyk-gumanitarlyk-kkyk-zne-kiber-operacialardy-retteu-mselesi-talkylandy.html