RU

Армения түркиялық жойғыш ұшақ армян әуе кемесін құлатқанын мәлімдеді

Жойғыш ұшақ
Фото: Depositphotos

Арменияның қорғаныс министрлігі түркиялық жойғыш ұшақ армян ұшағын Арменияның әуе кеңістігінде құлатқанын мәлімдеді. Түркия билігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі де бұл хабарламаларды жалған екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Армениялық қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян түркиялық F-16 Арменияның Су-25 ұшағын құлатты деп мәлімдеді. Бұл туралы Арменияның әскери әуе күштері хабарлады деп жазды РИА новости.

"Түркиялық ӘӘК көпфункциналды F-16 жойғыш ұшағы әуеге қарсы және әуе шайқастары кезіндегі міндетін атқару барысында Арменияның әуе кеңістігінде армян ӘӘК СУ-25 ұшағын құлатты. Ұшқыш қайтыс болды" , - деді Степанян.

Ведомство өкілінің сөзінше, F-16 әзірбайжандық Гянджа атты аэродромынан ұшып, Варденис, Мец Масрика, Сотка маңындағы армян қорғаныс күштерінің бөлімшелері мен елді мекендерге соққыларды қамтамасыз етіп отырды. Шабуылды әзірбайжандық Су-25 пен түркиялық "Байрақтар" ұшқышсыз ұшатын аппараттар іске асыреан.

Степанян түркиялық F-16 мемлекет аумағына 60 шақырымға дейін өтіп кеткенін анықтай кетті. Түркия тарабы өзінің жойғыш ұшағының армян Су-25 құлатты деген шағымдарын жоққа шығарды деп хабарлайды Блумберг түркиялық билікке сілтеме жасап.

Түркия президенті әкімшілігіне қарасты коммуникация департаментінің басшысы Фахреттин Алтун агенттікке берген сұхбаты барысында бұл айыптаулардың жалған екенін мәлімдеді.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі де F-16 армян ұшағын құлатты деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Армениялық БАҚ таратқан ақпарат жалған. Ол армян пропагандалық машинасының кезекті фантазиясы" , - деді әзірбайжандық ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы, полковник Вагиф Даргяхлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876931-armenia-trkialyk-zojgys-sak-arman-ue-kemesin-klatkanyn-mlimdedi.html