RU

"27 миллион теңге кетті": Мақсат Толықбай алаяқтарға қалай алданғанын айтып берді

Мақсат Толықбай
Фото: Instagram/maksattolykbai

Отандық танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай алаяқтардың құрбаны болып, мәңгі есте қаларлықтай өмірлік сабақ алғанын айтты. БАҚ өкілі сегіз жылда 27 миллион теңгесінен қағылып, енді адам баласына сенбейтін дәрежеге жеткенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Толықбай Instagram парақшасында түрлі әлеуметтік маңызы бар тақырыптармен қатар, өзінің өміріне де қатысы бар жайттардан сыр ақтарып тұрады. Бұл жолы белгілі журналист алаяқтарға қалай алданып қалғанын есіне түсіріп, қалың көпшілікке айтып берді.

Анықталғандай, ол сегіз жылда төрт алаяқтың арбауына түсіп, үлкен көлемдегі қаражатынан айырылып қалған. Сол жағдайлардан кейін тележүргізуші енді адам баласына сенуді қойған.

Ол желідегі барша оқырмандарын алаяқтардың артынан еріп кетіп, арзан дүниелерге қызықпауға шақырды.

"Өмірден түйгенім: арзан дүниеге жүгірмеңіздер! Әкең жасамаған жақсылықты ешкім жасамайды. Осы екі-ақ сөйлемнен тұратын сабақты ( 8жылда 4 алаяққа алданып) 27 миллион теңгеге сатып алыппын" , - деп ағынан жарылды Мақсат Толықбай.

Желі қолданушылары ішіндегі сырымен бөліскен ақпарат өкіліне бірден қолдау білдірді.

"Недеген теңеу, сөз төркінін түсінген адамға нағыз шындық. Бастан өткен жағдай" , "Керемет айтылған. Шынымен, бүгінде неше қандасымыз алданып жатыр" , "Алаяқтар көбейіп кетті. Тіпті сендіруге қиын азаматтарды да алдап кетіп жатса, айтарға сөзім жоқ" , "Мақсат аға жарайсыз, мұндай қаражаттан айырылып қалсаңыз да, сынып қалмапсыз. Бұл үлкен ерлік" , - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876967-27-million-tege-ketti-maksat-tolykbaj-alaaktarga-kalaj-aldanganyn-ajtyp-berdi.html