RU

Вирусолог күзде иммунитетті қайлай күшейтуге болатынын айтып берді

дене шынықтыру 2
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейлік вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альштейн күзде иммунитетті қалай күшейту керегін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Маман бірінші кезекте індетке қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырды. Әлеуметтік арақашықтық сақтап, қоғамдық орындарда бетперде тағудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қолды жиі жуып, антисептик қолдану керектігін жеткізді.

"Мүмкіндік болған жағдайда, қашықтан жұмыс істеген дұрыс. Әрине, дене шынықтырып, серуендеп тұру да қажет, алайда, басқа адамдармен байланысқа түспеуге тырысқан дұрыс", – дейді профессор.

Сонымен қатар, вирусолог D дәруменін тұтыну қажеттілігіне тоқталды. Айтуынша, күзде денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтау керек. Сондай-ақ ол алкогольді ішімдіктен бас тартуға шақырды.

Маманның сөзіне қарағанда, аталған шаралар адамға тыныс жолдарының вирусына төтеп беруге көмектеседі.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцинаның жыл соңына дейін сатылымға түсу мүмкіндігі хабарланды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Сондай-ақ, бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді.

Бас хатшы вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877034-virusolog-kzde-immunitetti-kajlaj-ksejtuge-bolatynyn-ajtyp-berdi.html