Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения Таулы Қарабақты тәуелсіз ретінде мойындау нұсқасын қарастыуда

Опубликовано:

армянбасы1
Никол Пашинян. Фото: Alexei Nikolsky\TASS via Getty Images

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян өз елінің Таулы Қарабақты тәуелсіз ретінде мойындау мәселесін қарастырып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясаткердің сөзінше, бірнеше нұсқа қаралып жатыр. Соңғы шешім кейбір факторларға байланысты болмақ деп жазады "Интерфакс".

"Біздің күн тәртібінде осындай нұсқа бар (Қарабақты тәуелсіз ретінде мойындау - ред.). Сондай-ақ Армения мен Қарабақ арасында стратегиялық одақтастық туралы келісімге қол қою нұсқасы бар, қауіпсіздік және қорғаныс одатастығы туралы келісім-шартқа қол қою мүмкіндігі бар", - деді Пашинян.

Арменияның премьер-министрі Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) жүгінуді жоспарламайтындықтарын мәлімдеді.

"ҰҚШҰ-ға жүгіну - саяси мәселе. Қолдану уақыты келгенде шектеулер туралы айту өте қиын. Біз ҰҚШҰ-мен тығыз жұмыс істейміз, бірақ нақты процедураларды бастау - бұл басқа мәселе. Арменияның әскери күштері ел қауіпсіздігін қорғауға қауқарлы", - деді ол.

Сонымен бірге Пашинян Армения қазан айының басында Ереванда өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық құқықтық кеңесіне қатысуға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елдімекендерді атқылағанын хабарлады.

Айта кетсек, Арменияның қорғаныс министрлігі түркиялық жойғыш ұшақ армян ұшағын Арменияның әуе кеңістігінде құлатқанын мәлімдеді.

Дегенмен Түркия билігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі де бұл хабарламаларды жалған екенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877079-armenia-tauly-karabakty-tuelsiz-retinde-mojyndau-nskasyn-karastyuda/

pixel