Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада айналма жол учаскесі 7 қазанға дейін толығымен жабылады

Опубликовано:

жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты айналма жол учаскесі 7 қазанға дейін толығымен жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда.

Әкімдік қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарын өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі автобус жолағына байланысты жүргізушілердің наразылығына жауап берген еді.

Тұрғындардың айтуынша, Сүйінбай даңғылындағы қоғамдық көлікке арналған жолақ үшін кептеліс туындауда. Тікелей эфир барысында олар әкімнен бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрады.

Өз кезегінде қала басшысы Сүйінбай даңғылымен күнделікті 45 мың адам 14 бағытта қоғамдық көлікпен қатынайтынын атап өтті.

Ол арнайы жолақты бөлудің алдында егжей-тегжейлі талдау жасалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ жақында Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында COVID-19 науқастарына арналған жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877166-elordada-ajnalma-zol-ucaskesi-7-kazanga-dejin-tolygymen-zabylady/

pixel