RU

Қазан айының басында елімізде ауа райы қандай болады

Жаңбыр
Көрнекі фото: news.myseldon.com

Қазан айының басында синоптиктер елдің солтүстігінде жаңбыр жауады, ал оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады деп болжап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, осы аптаның соңында Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын күтіледі.

Қазан айының 1 мен 3 арасында, солтүстік-батыс циклон республиканың солтүстік аймақтарындағы ауа-райына әсер етеді. Аталған аймақтардың тұрғындарына елдің осы бөлігінде жаңбыр жауу ықтималдығы жоғары екендігі ескертіледі.

Құрғақ, жылы ауа-райы Қазақстанның батыс облыстарында ғана күтіледі.

Ал қалған аймақтарда синоптиктердің болжамынша. жел күшейеді, тұман түсіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі.

Айта кетейік, биылғы жылы еліміздің екі қаласында жылу уақытынан ерте берілді.

Осыған орай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақыраған.

Сондай-ақ оңтүстік астанада биыл жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталған болатын.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылды. 28 қыркүйектен бастап балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына жылу толық қуатында берілді.

Қалада барлығы білім берудің – 444, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

Сонымен қатар, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877188-kazan-ajyny-basynda-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolady.html