RU

Ақтауда аса қауіпті қылмыстық топ басшысы мен оның мүшелері сотталды

Қылмыстық топ
Фото: tumba.kz

Ақтауда "ТТС" атауымен танымал аса қауіпті қылмыстық топтың басшысы мен оның мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш қылмыстық топқа адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, ақша бопсалау сынды бірнеше бап бойынша айып тағылған.

Іс Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта қаралған. Қылмыстық топ көшбасшысы Ырзабек Жексенбаев максималды қауіпсіздік мекемесінде 20 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Қылмыстық топ қатысушылары Досан Бимырза мен Ернур Зорбай сәйкесінше 15 және 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар да жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Істің басты фигуранттарын адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, ақша бопсалау, қару-жарақты заңсыз сақтау, бұзақылық баптары бойынша соттады.

Өткен жылдың шілдесінде Маңғыстау облысында арнайы операция барысында төрт аса қауіпті қылмыстық топ құрықталған болатын. Нәтижесінде барлығы 20 адам қамауға алынған.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысындағы энергетикалық компанияның бес қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және тұтынушылардан электр энергиясы үшін қаражат жинау кезінде 90 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1 және 2 бөлімін, 190-бабы 2 және 4 бөлімін бұзды деген күдікке ілінген бес адам уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877456-aktauda-asa-kauipti-kylmystyk-top-bassysy-men-ony-mseleri-sottaldy.html