RU

Семейде әскери қызметкер пәтерге ұрлыққа түсіп, үй иесіне қол жұмсаған

әкер
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде мас күйінде пәтерге ұрлыққа түсіп, үй иесіне қол жұмсаған әскери қызметкер қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Шығыс аймақтық әскери-тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, осы жылдың шілдесінде Семей гарнизоны әскери бөлімінің әскери қызметкері мас күйінде екінші қабаттағы бөтен адамның пәтеріне кіріп кеткен.

Ол жатын бөлмеден 500 мың теңгенің мүлкін тауып алған. Алайда, оның құнды заттарды іздеп жатқан кезде көрші бөлмеде ұйықтап жатқан пәтер иесі оянып кеткен.

Бөлмеге кірген келіншек қаскүнемді шошытқан. Пәтер иесін көрген ұры оны ұрып, ұрланған заттарымен бірге қашып кеткен.

"Бірақ ол алысқа ұзап кете алмады. Күдіктіні көршілері мен жәбірленушінің ұлы ұстады. Семей гарнизоны әскери соты әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде соттаған", - деді Ішкі істер министрлігінің Шығыс аймақтық әскери-тергеу басқармасы.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті әскериге сот үкімі шыққан еді.

Алматы гарнизонының сот үкімімен ұрлық және жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін Атанбаев, Тілеуғалиев, Нұраханов, Бұралқынов Бежібай, Дүйсенбаев және Ибрагимов 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Айта кетейік, Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлады деп айыпталғандар сотта соңғы сөздерін айтты. Сот алдына басты фигурант Абылай Балғынбайдан бөлек 7 адам келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877472-semejde-skeri-kyzmetker-pterge-rlykka-tsip-j-iesine-kol-zmsagan.html