RU

Коронавирус: Қырғызстан Қазақстанмен шекарада бақылауды күшейтті

шекара
Көрнекі фото: ult.kz

Қырғызстан бақылау-өткізу пункттерінде санитарлық талаптарды күшейтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев бақылау-өткізу пункттеріндегі санитарлық талаптар көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты күшейтілгенін атап өтті.

Көрші елдің вице-министрінің мәліметінше, өткен тәулікте 11 476 адам шекарадан өткен. Кейбіреулерінде COVID-19 анықталған.

"Достық" бақылау-өткізу пунктінде (ред. - қазақ-қырғыз шекарасы) 131 адамнан экспресс-анализ алынды. Тоғызының сынамасы оң нәтиже көрсетті, енді олар ПТР тест тапсыруы қажет. COVID-19 жұқтырды деген күдікке ілінген адамдар Қазақстанмен шекарадағы Талас облысында да тіркелді" , - деді Нұрболат Үсенбаев.

Ол келгендердің дене қызуы тексерілетінін білдірді. Сонымен қатар, жолаушыларда коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын анықтама ұсынуы тиіс. Егер жолаушының қолында ондай анықтама болмаса, бақылау өткізу пунктінде тест тапсыруға болады.   

Естеріңізге сала кетейік, жуырда АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ол Twitter-де хабарлаған еді.

Бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877533-koronavirus-kyrgyzstan-kazakstanmen-sekarada-bakylaudy-ksejtti.html