RU

CancelBorat: Қазақстандықтар "Борат-2" фильмінің шығуына қарсылық білдіруде

Борат1
Фото: Dani Abramowicz/Getty Images

Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушылары Борат туралы екінші фильмнің жарыққа шығуына #CancelBorat хэштегі арқылы наразылықтарын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазнет қолданушылары #CancelBorat хэштегін іске қосты. Өз жазбаларында мыңдаған қазақстандық Қазақстан туралы деп түсірілген америкалық "Борат-2" фильмінің шығарылуына наразылықтарын білдірген.

Фильмнің 2006 жылы шыққан бірінші бөлімі Қазақстанды мәдени дамуынсыз, экономикасын, архитектурасын әжуалап, өркениеттен жұрдай, тым артта қалған мемлекет ретінде көрсетті.

Осыдан кейін бүкіл әлем ел туралы спорттағы, музыкадағы, саясаттағы жетістіктерінен емес, "Борат" фильмінен білді.

Содан кейін Қазақстанда фильмді кинотеатрларда көрсетуге тыйым салынды.

Екінші бөлімнің шығатыны туралы сыбыс тамыз айында пайда болды. Соңынан түсірілімнен алынған кадрлар да желіге тарап үлгерді.

Күні кеше барлық күдіктер расталды, өйткені Amazon Prime Video стримингтік қызметінің YouTube каналында "Борат 2" фильмінің трейлері шықты.

Оның толық атауы: "Борат: әлсіреген Қазақстан ұлтының игілігі үшін қол ұшын соза алатын вице-премьер Михаил Пенске арналған порнографиялық маймыл түріндегі сыйлық".

Бұған #CancelBorat хэштегін қолдаушылар былай дейді.

Шетелдік қолданушылар Қазақстан халқының тарапын қолдап жатыр.

"Қазақстандықтарды осылайша сипаттау, жұмсақ тілмен айтқанда, жиренішті болуы керек",– деп жазды @CivaChandi.
"Бұл нәсілшілдік шекарасында емес пе?",– деп сұрады @PlatinumMouse.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877552-cancelborat-kazakstandyktar-borat-2-filmini-syguyna-karsylyk-bildirude.html