RU

АХҚО жеке инвесторларға қандай мүмкіндіктер ұсынады

Ренат Бектуров
Фото: Ренат Бектуровтың жеке архивтан алынды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында 5-9 қазан күндері өтетін виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығы аясында Жеке инвесторлар күні ұйымдастырылады. 6 қазанда өтетін шара барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының (Astana International Exchange (AIX) жеке инвесторларға арналған инвестициялық мүмкіндіктерін AIX Коммуникациялар жөніндегі директоры Елена Пак, AIX Өнімдерді дамыту директоры Бiржан Астаев, AIX Қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ренат Бектуров жан-жақты түсіндіріп береді.

AIX үшін құнды қағаздардың қаржылық қолжетімділігі мәселесі басымды болып келеді. Сондықтан, AIX жеке инвесторлар аудиториясын кеңейтіп, қарапайым азаматтарға барынша қолжетімді инвестициялық өнімдерді дамытуды, депозиттер пен жылжымайтын мүлікке жақсы балама ретінде биржада құнды қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат тұтады.

AIX Қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ренат Бектуровтың айтуынша, шағын да болса қаржы қоры бар әрбір қазақстандықтың құнды қағаздарды таңдау және оған инвестиция салу мүмкіндігі болуы тиіс.

ғимарат
Фото: IFCA баспасөз қызметі
«AIX-те жаңа құралдардың пайда болуының арқасында азаматтарымыз шет елдердің жеке инвесторларындай инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалана алады. Өзге елдердің азаматтары биржалық қорлар мен биржалық ноталарды бұрыннан бері қолданып жүр. Оған соңғы жылдарда аталған құралдарға салынған қаражат көлемі дәлел бола алады. Осы құралдардың жеке тұлғалар арасында кең таралуының себебі – олар әр адамның кәсіби деңгейде қаржыгер болуын талап етпейді, яғни күрделі қаржылық тұжырымдамаларды, құралдар мен компанияларды зерделеуге де көп уақыт қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, комиссияға жұмсалатын қаражатты барынша аз шығындау арқылы инвестицияларды әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мұндай опцияның ендігі уақытта қазақстандықтар үшін де қолжетімді болып отырғанына қуаныштымыз», - деді Ренат Бектуров.

Қазіргі уақытта AIX-тің ресми тізімінде акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттар, облигациялар, биржалық қорлар мен ноталарды қоса алғанда 60-тан астам құнды қағаз бар. Оның шамамен 20-сы жеке сауда инвесторлары үшін қолжетімді.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауды және инвестициялау негіздері туралы хабардар етуді мақсат тұтқан шараның негізгі ұйымдастырушысы AFSA АХҚО-ның әкімшілігі, AIX, Біліктілікті арттыру бюросы және АХҚО-ның Финтех хабымен бірлесіп өткізеді.

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-да қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады.

Іс-шара бағдарламасымен толығырақ танысуға және тіркелуге сілтеме бойынша болады: afsa.aifc.kz/kz/events/wiw2020

*PR құқығында

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1877571-ahko-zeke-investorlarga-kandaj-mmkindikter-synady.html